КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бірінші қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасына барған күнідерін еске түсіруімен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.Баршаңызды алда жаңа білім, жаңа асу, қиындығы мен қызығы мол мектеп өмірінің күндері күтуде. Мемлекетіміз өркениетті елдердің қатарына көркеюі үшін ертеңгі ел болашағы, бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелеу – барша ұстаздар қауымының міндеті. Құрметті жерлестер!Жаңа оқу жылында еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, білім нәрімен сусындатудағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Жаңа оқу жылы баршамызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Мереке құтты болсын!

Келес ауданының әкімі А.Есбаев