КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«КОНСТИТУЦИЯ» КҮНІНЕ ТАРТУ

Былтырғы жылы желтоқсан айында Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Партияны қайта жаңғырту» тапсырмасына сәйкес, Келес ауданы әкімі, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының Төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы «Ұшқын» бастауыш партия ұйымында елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтау бойынша Ұшқын ауылдық округі тұрғындарымен өткізген кездесу жиынында ауыл тұрғыны «Jas Otan» жастар қанатының белсендісі Саттаров Олжас өзекті мәселе ретінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Кеңес дәуірінен қараусыз қалған футбол стадионын жөндеуден өткізіп беруді сұранған болатын.Көтерілген мәселенің өзектілігіне мән берген аудан әкімі А.Есбаев, биыл орын алған төтенше жағдайға байланысты қабылданған «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында футбол алаңын күрделі жөндеуге биылғы жылы бюджеттен қаржы қарастырып, көктем айында күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.Бүгін «ҚР Конституциясы» күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының Төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы, филиал Төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков және аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған футбол стадионын ауыл тұрғындарына пайдалануға беріп, жастарға сәттілік тіледі.