КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Талапқа бағынбаған жауапқа тартылады

Аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған мониторингтік топ бүгін ауылдық округтерде болып, шағын және орта бизнес нысандарының санитарлық талаптарды қалай сақтап отырғанын анықтау мақсатында рейдке шықты. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 28 қаулысы бойынша азық-түлік дүкендерінде санитарлық және карантиндік талаптардың қатаң сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында бірнеше азық-түлік дүкендерінде санитарлық режімді сақтамағаны үшін айыппұл салуға хаттама толтырылды.