КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ОБСЕРВАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА – 385 АДАМ ЖАТЫП, ТОЛЫҚТАЙ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Төтенше жағдай және одан кейінгі карантин режимінде аудан орталығындағы обсервация орталығында – 385 адам жатып, толықтай емделіп шықты. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі, өз жеке парақшасы арқылы шыққан тікелей эфирі барысында баяндады. Сонымен қатар, аудан басшысы аудандағы эпидемиологиялық ахуал және әлеуметтік мәселелер бойынша да мәлімдеме жасады. Келес ауданындағы 12 ауыл округінде 83 елді мекен бар. Бүгінгі таңға аудан әкімдігінде арнайы жұмыс тобы құрылып, төтенше жағдайға және одан кейінгі карантин режиміне байланысты нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. 2020 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша ауданда коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған өсіммен 27 жағдай тіркелді. Қазіргі таңда 22 адам жазылып шықты: инфекциялық госпитальде – 2 адам; үй жағдайында – 3 адам бақылауда. Аудандық ауруханада 297 тәуліктік төсек орын және 110 күндізгі төсек орынмен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 100 төсек орын провизорлы стационар болып қайта бейінделді. Карантинді стационарда 50 төсек орынға бекітілген.Төтенше жағдай және одан кейінгі карантин режиміне аудан орталығындағы обсервация орталықта – 385 адам жатты, қазір ол орын қысқартуға берілді. Ал, пневмониямен маусым айында 142 адам, шілде айында 528, жалпы 670 адам ауырған. Қазіргі таңда Абай ауылындағы провизорлық орталықта 35 адам ем қабылдап жатыр. 14 күндік үй бақылауында 12 адам жатыр. Айта кететін жайт, бүгінде ауруханада қауырт желі іске қосылған. Саll орталықта аурухана операторы хабарласқан кез-келген аудан тұрғынын өзінде туындаған сұрақтың сипатына қарай сала дәрігеріне қосып береді. Медициналық сұрақтарға жедел байланыс телефон нөмері 8(72532) 3-04-12. Аудан әкімінің өкімімен, ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі дәрілік заттардың бөлшек саудадағы шекті бағаның сақталуына мониторинг жүргізу жөнінде Штаб құрамы бекітілді. Алгоритм және аудандағы 26 дәріхана иелерімен мемарандум түзілді. Келес аудандық аурухансында балансында 11 ИВЛ аппараты бар. Оның ішінде: 4 ИВЛ баларға, ал 7 ИВЛ ересек азаматтарға арналған. 1- дана ИВЛ аппараты Жетісай ауруханасына бас дәрігер бұйрығымен берілген. Қазіргі таңда ауруханада 10 дана ИВЛ аппараты жұмыс істеп тұр.Карантин режимін бұзу фактілері бойынша аудан әкімінің жанынан жедел жұмыстарды үйлестіру үшін 13 мобильдік топтар құрылған. Құрылған мобильді топтар күделікті рейдттік іс-шаралар ұйымдастырып, атқарылған жұмыстары туралы мәліметті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ұсынуда. Жалпы ауданда 468 нысан тіркелген. Осы күнге дейін мобильді топтар тарапынан аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына 52 ұсыныс хат жолданған.Төтенше жағдай кезеңінде карантин режимінің талаптарын бұзған азаматтар бойынша ҚР ӘҚБтК 476 бап, 6 бөлімі бойынша аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тараптарынан 43 заң бұзушылық анықталып, Келес аудандық сотына өткізілген, 43-іс ҚР ӘҚБтК 476 бап, 6 бөлімі бойынша 40 айыппұл салынды, 3 кәсіпкер 5 тәулікке қамалған.Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы 102 қызметкер, 30 сақшы сарбаз қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.Сондай-ақ, аудан әкімі тікелей эфир барысында, әлеуметтік мәселерге тоқталды. Ауданда 2020 жылғы «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 16 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 10 көшенің құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына аяқтау жоспарлануда, ал 6 көшенің құрылыс жұмыстары қыркүйек айында. Сонымен қоса, Біртілек ауылдық округі, Димитров елді мекеніндегі Т.Бигельдинов мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Аудан бойынша 83 елді мекен электр қуатымен онын ішінде сапалы электр қуатымен 20 158 абонет қамтылған (65%). 2020 жылы ОңтүстікЖарықТранзит ЖШС–нің инвест жоспарына сәйкес, аудан аумағында жалпы КТП трансформаторларынан 19 дана, ВЛ-10/04 кВт электр жүйелері мен бағаналарын ауысыру 49,99 шақырымға жоспарланған.45 елді мекенде газ жүйесі 13 759 абонет қосылған (52,3%) алдағы уақытта 6 елді мекен газ жүйесіне қосылған жағдайда 17 078 абонетті (76,8%) қамтиды. Қосымша ауданда 16 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін газ жеткізуші магистарлді құбырларының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан бойынша 48 елді мекен таза ауыз сумен 13 591 абонет (60,7%) қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысан саны 11. Оның ішінде 2019 жылдан 4 нысан өтпелі, ал 2020 жылғы 7 жаңа нысан.