КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

2020 ЖЫЛЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА 24 300 ГА ЖЕРГЕ ЕГІСТІК ЕГІЛДІ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ауданға ауыл шаруашылығы дақылдарын 24 200 гектарға жеткізу немесе 2019 жылғы егіспен салыстырғанда 684 гектар артық орналастыру тапсырмасы жүктелген болатын. Тапсырмаға сәйкес, нақты әртараптандырудың арқасында 24 300 гектар жерге егістік егілді. Оның ішінде астық – 7022 га аумаққа егілген болса, майлы дақыл – 213 гектарды құрады. Сондай-ақ техникалық дақыл – 505 гектар, бақша – 2018,7 га, картоп -1989,2 га, көкөніс – 8166,5 га, мал азықтық дақылдары – 4307,6 га аумаққа егілді. Үкіметтің «Еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен жаңа технологияларды пайдалана отырып, жылына 2-3 өнім алу жобасы ауданымызда сәтті жүзеге асуда. Аталған жоба аясында 8 ауылдық округтен 1040,2 гектар жерге егіс егіліп, жалпы 218 шаруа қожалық аталған жобаны іске асыруда. Бұдан бөлек жоба аясында жыл соңына дейін тағы 50 жобаны қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.