КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛУДЕ

Келес ауданының Бозай ауылдық округі, Тентексай елді мекеніндегі Ш.Қалдаяқов және Жамбыл ауылдық округі, Қалғансыр елді мекеніндегі Егемендік-2 көшесінде шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Partners Product LTD» ЖШС-і өндірістік кестеге сәйкес 1 ай көлемінде құрылыс жұмыстарын аяқтап ел игілігі үшін пайдалануға берілетін мәлімдеуде. Жоғарыда аталған Ш.Қалдаяқов көшесінің ұзындығы 2,6 шақырым болса, Егемендік-2 көшесі 1,4 шақырымды құрайды.