КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Келес ауданының тұрғындарының назарына!

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында мемлекеттік гранттар ұсыну бағыты жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік грантты алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда) кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiрсозылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмағанжетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өтумерзiмiне ұзартылады;7) оралмандар;8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларсалдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» тағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталғанкөпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқарукезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;11) толық емес отбасылар жатады.Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тасжолы, №2 ғимарат («Версаль» бизнес-кешені); Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ., Кентау тасжолы, №2 ғимарат;Электрондық поштасы:dkbuko@mail.ru;Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78; 5-93-65;Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.Конкурс нысаны: ашық конкурс.Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын:Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тасжолы, №2 ғимарат («Версаль» бизнес-кешені); Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады (толық құжаттар топтамасымен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda танысуға болады). Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. «5» тамызынан бастап 2020 ж. «21» тамызы аралығында, жұмыс күндерісағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «5» тамыз сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «21» тамызы сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda сайтында танысуға болады.