КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшері қандай?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында баяндалған редакциядағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 320 және 326-баптарына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс түрлері мен зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға қолданылатын салық мөлшерлемесі айқындалған. 

Атап айтқанда, 320-бапқа сәйкес – Салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оларға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

326-бапқа сай – Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын:  

       1) салық төлеушілердің:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары;

      2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс  тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      4) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.