КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 1 099 ТҮЛЕК ТЕСТІЛЕУГЕ КІРУГЕ ӨТІМ БЕРДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 1 099 ТҮЛЕК ТЕСТІЛЕУГЕ КІРУГЕ ӨТІМ БЕРДІ

Биылғы жылы Келес ауданында мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылмайды. Есесіне 3-4 маусым күндері санитарлық нормаларды сақтай отырып, 1 сағат көлемінде аттестат, алтын белгі сынды куәліктерді табыстау салтанаты өтеді. Бұл туралы Келес ауданының білім бөлімі басшысы Бақтияр Абдиев мәлімдеді. Келес ауданындағы жалпы 63 мектепте 30 755 оқушы білім алуда. Оның 11 сыныпты бітірушілерінің саны – 1740 оқушыны құрайды. Ал 62 оқушы биылғы жылдың алтын белгісін алады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 20 маусымы мен 5 шілдесі аралығында санатарлық талаптарды сақтай отырып, әр сыныпқа 25 оқушыдан шахмат үлгісінде отырғызып, ұлттық біріңғай тестілеу өтуі жоспарлануда. Жалпы тестілеу 5 кезеңге бөлініп өтілуі күтілуде. Бір айта кетерлігі тестілеуде оқушы төтенше жағдай режиміне сәйкес, үйде онлайн оқыған білім жылының 4 маусымында өтілген сабақтарынан сұрақтар қойылмайды. Биылғы жылғы тестілеуге Келес ауданы бойынша 1099 мектеп бітіретін оқушы өтінім берді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі