КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Карантин кезінде жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?

Бүкіл әлем бойынша коронавирус (COVID-19) індетінің ойран салғанына біраз
уақыт өтті. Қауіпті дертке шалдыққандар саны бір миллион адамнан асты. Қасіреті
алапат ауыр сырқат Қазақстанды да айналып өтпеді.  Елімізде тараған вирус барлық облыстарға  жетіп, аурухана төсектеріне таңылған адамдар
саны күн сайын артуда. Осыған орай елімізде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданып,
ірі қалаларда  карантин жарияланды.

      Осының
бәрі әрине, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдарының жұмыс тәртібіне де
әсер етті. Инфекцияның таралу қауіпіне байланысты Қордың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент,
Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Kөкшетау қалаларындағы өңірлік бөлімшелері
күндізгі құжат қабылдауды тоқтатып, салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы
зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қашықтықтан қызмет көрсету режиміне
ауыстырылды. Бұл филиалдардағы қашықтықтан қызмет көрсету тәртібі белгіленген
карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Тізімді қатаң карантин режимінің енгізілуіне байланысты жаңа қалалардың
атаулары толықтыруы мүмкін. Бірақ әзірше Қордың басқа өңірлік бөлімшелерінде Қор
көрсететін қызметтердің әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып, кейінге қалдыруға
болмайтын және күндізгі қызмет көрсетуді талап ететін жағдайларда, enpf.kz сайтында
орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы құжаттарды
байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратын кезекші қызметкерлер жұмыс істеуде. Бұл
филиалдарда құжаттарды қабылдау арнайы жабдықталған және үнемі
дезинфекцияланатын жұмыс орны арқылы жүзеге асырылады.      

      Алдын ала жазылуды өңірлік бөлімшелердің
кезекші қызметкерлері (тізімі enpf.kz
сайтында орналастырылған) арқылы не 1418 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау
шалу тегін) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық
қоңыраулар үшін) нөмірі бойынша БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен
хабарласып, жүзеге асыруға болады.

      Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы
қызметтерінің төмендегі басым (кейінге қалдыруға болмайтын) түрлері бойынша жүзеге
асырылатынын ескертеміз:

– салымшының / алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты зейнетақы төлемдерін
тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

– мүгедектігіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді
ресімдеу;

– салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
туралы өтініштерді ресімдеу (мұрагерлік);

– зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштерді
ресімдеу.

          Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар
топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп,
кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

БЖЗҚ-ның салымшылары
мен алушылары кез келген мәселе бойынша төмендегі тәсілдер арқылы жауап ала
алады: 

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон
байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі
enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp,
Viber чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы
жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram,
Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

Олардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап
18:00 дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Қордың кейінге қалдыруға
болмайтын өзге де қызмет түрлерін біз электрондық сервистер – онлайн арқылы
алуды табанды түрде ұсынамыз.

Мысалы, БЖЗҚ-дан
алынатын ең танымал қызметтердің бірі – жеке зейнетақы шотынан үзінді алу. Қазіргі
уақытта оны үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде еш қиындықсыз оп-оңай алуға
болады. Сіз үзінді көшірмені enpf.kz. сайтындағы жеке кабинет арқылы ала аласыз.
Оған кіру үшін сайтқа тіркеліп, өз деректеріңіз мен пароліңізді енгізу немесе
электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткілікті. Айта кетейік, ЭЦҚ-ны
қазір egov.kz сайтындағы электрондық үкімет порталында онлайн режимінде алу қолжетімді.

Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз немесе құпия сөз қауіпсіздік талаптарына
сай келмесе, онда Сізге тіркеуден қайта өту керек. Ол үшін сілтемені пайдалану қажет:
www.enpf.kz, «Жеке кабинет» бөлімі, «Тіркеу/Парольді ұмыттыңыз» қосымша беті,
барлық бағандарды толтыру, Қордың деректер базасында тіркелген электрондық
мекенжайды немесе ұялы телефон нөмірін көрсету және «Жіберу» батырмасын басу. Көрсетілген
электрондық мекенжайға немесе ұялы телефон нөміріне бір реттік парольді алғаннан
кейін «Бір реттік парольді енгізу» қосымша бетін пайдалану қажет. Интернет-көшірмеге
қол жеткізу үшін e-mail немесе SMS арқылы алынған бір реттік парольді енгізіңіз
және жаңа парольді (қаласаңыз) тіркеңіз.

Одан кейін Сіз өзіңіздің
жеке кабинетіңізге кіріп, үзінді көшірмені ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын
бірқатар қызметтерді де ала аласыз. Мысалы, өз деректемелеріңізге өзгерістер
мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа
1 немесе 2 топтағы мүгедектік белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты төлемге өтініштің мәртебесін
бақылау және тағы басқалар.

ЖЗШ-дан үзінді көшірмені
egov.kz электрондық үкімет сайтынан да алуға болады. Алайда осы тұрғыда бірқатар
сұрақтар туындайды. Атап айтсақ, электрондық үкімет сайтынан алынған үзінді көшірмеде
БЖЗҚ сайтынан алған үзінді көшірмеге қарағанда неліктен азырақ сома көрсетілген?
 

 Бұған жауап берсек, egov.kz порталында жеке
зейнетақы шоты туралы екі түрлі ақпарат алуға болады. Біріншісі, «Зейнетақы
аударымдары туралы анықтама алу». Бұл анықтамада түскен жарналар туралы ақпарат
көрсетіледі, яғни ол жерде Сіздің жинағыңыз инвестициялық табыстың есебінсіз көрсетілген.
Егер инвестициялық табыс есептелген үзінді көшірмені алғыңыз келсе, онда Сізге egov.kz
сайтындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшының (алушының) зейнетақы
жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыс есебімен) туралы ақпарат беру» деп
аталатын басқа қызметті пайдалануға кеңес береміз. Айтқандай, 2019 жылдың 25 қаңтарынан
бастап кез келген салымшы (алушы) egov.kz сайты арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді
көшірмені ЭЦҚ көмегімен ғана емес, сондай-ақ салымшының (алушының) mgov
мобильдік азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне сұраныс
жіберілгеннен кейін келетін бір реттік sms-паролін қолдана отырып ала алады.

Қазір көптеген
адамдар компьютер немесе ноутбукті пайдаланбайды. Барлық қызметтерді смартфон
немесе планшеттер арқылы ыңғайлы және жылдам алуға дағдыланған БЖЗҚ салымшылары
үшін қарапайым және көпфункциялы ENPF қосымшасы бар. Ол қазақ және орыс
тілдерінде, Google Play немесе AppStore арқылы қолжетімді.

Осы ұялы қосымшаға
тіркелу үшін пайдаланушы смс-хабарлама арқылы өзінің ұялы телефонына
жіберілетін бір реттік парольді пайдалана алады. Ұялы қосымшада авторланудың
екі тәсілі бар: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны
пайдалану, сондай-ақ ұялы құрылғыда бар болса, Android үшін Touch ID және iOS үшін
IOS және Face ID арқылы кіруге болады.

          БЖЗҚ
сайты мен ұялы қосымшада Сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірмені ғана
алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштермен
танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы
жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы
калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиі қойылатын сұрақтарға
жауап беретін онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа да  көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз.

 

 

Как
на карантине проверить свои накопления?

Вот уже не первый месяц по всему миру бушует
злополучный коронавирус (COVID-19). Число заболевших уже перевалило один
миллион человек. Не обошла стороной коварная болезнь и Казахстан. В нашей
стране вирус добрался
уже до всех областей, а количество людей на
больничных койках только растёт. По этой причине руководство Казахстана приняло
решение ввести в стране чрезвычайное положение, а в крупных городах даже
объявили карантин.

      Всё это, конечно, сказалось и на
режиме работы

филиал
ов
Единого накопительного пенсионного фонда. В связи с угрозой распространения
инфекции региональные отделения Фонда в городах Нур-Султан, Алматы и Шымкент,
Актобе, Караганда и Тараз были переведены с очного приёма документов на
дистанционный режим обслуживания и оказания пенсионных услуг вкладчикам
(получателям) по вопросам накопительной пенсионной системы. Дистанционный режим
обслуживания в этих филиалах продлится до завершения установленного режима
карантина.

Возможно, новые города
будут пополнять список по мере включения их в режим строгого карантина. Но пока
во всех остальных региональных подразделениях Фонда, учитывая социальную
значимость оказываемых Фондом услуг, в случаях, не терпящих отлагательств и
требующих очного обслуживания работают дежурные сотрудники, осуществляющие
бесконтактный приём документов по предварительной записи по телефонам,
размещённым на сайте enpf.kz. В них приём документов осуществляется через
специально оборудованное и постоянно дезинфицируемое рабочее место.         

Предварительную запись можно осуществить у
дежурных сотрудников региональных отделений (список которых, также размещён на
сайте enpf.kz) или специалистов call-центра ЕНПФ по короткому номеру 1418
(звонок по Казахстану бесплатный) или по номеру +7 727 356 10 60 (для международных
и междугородних звонков).

Важно отметить, что бесконтактный приём
документов осуществляется по следующим приоритетным (безотлагательным) видам
пенсионных услуг:


оформление заявлений о назначении пенсионных выплат в связи со смертью
вкладчика / получателя (погребение);


оформление заявлений о назначении пенсионных выплат в связи с выездом на
постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан;


оформление заявлений о назначении пенсионных выплат в связи с инвалидностью;


оформление заявлений о назначении пенсионных выплат в связи со смертью
вкладчика / получателя (наследство);


оформление заявлений на перевод пенсионных накоплений в страховую организацию.

Кроме того, в ЕНПФ предусмотрено получение
услуги посредством направления пакета документов почтовой связью (АО
«Казпочта») с возможностью предварительной онлайн проверки пакета документов на
корпоративном сайте Фонда.

По любым возникшим вопросам вкладчики и
получатели ЕНПФ могут получить ответ посредством:

1)
обращения посредством телефонной связи у дежурных сотрудников региональных
отделений (список которых размещен на сайте enpf.kz);

2)
обращения в call-центр Фонда по короткому номеру 1418;

3)
чат-бота в Whats app, Viber телефонному номеру +7 777 000 14 18;

4)
онлайн-консультанта на корпоративном сайте Фонда www.enpf.kz;

5)
посредством направления обращений по электронной почте enpf@enpf.kz;

6)
аккаунтов в социальных сетях: Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram,
Одноклассники.

График их
работы: будние дни с 9:00 до 18:00 часов, суббота и воскресенье – выходные дни.

Иные виды услуг Фонда, не являющиеся
безотлагательными, мы предлагаем и настоятельно рекомендуем получать
посредством электронных сервисов – онлайн.

К примеру, одной из самых популярных услуг из
ЕНПФ является получение выписки с индивидуального пенсионного счета.  На данный момент её легко получить, не выходя
из дома и буквально за пару минут.  Вы
можете получить выписку через личный кабинет на сайте
enpf.kz. Для
входа в него достаточно зарегистрироваться на сайте и ввести свои данные и
пароль, либо использовать электронную цифровую подпись (ЭЦП). К слову, ЭЦП
сейчас можно получить онлайн на портале электронного правительства на сайте
egov.kz.

Если Вы забыли пароль, либо если пароль не
соответствует требованиям

безопасности,
то Вы можете пройти перерегистрацию. Для этого необходимо воспользоваться
ссылкой: www.enpf.kz, раздел «Личный кабинет», вкладка «Регистрация/Забыли
пароль», заполнить все поля, указать электронный адрес или номер мобильного
телефона, зарегистрированные в базе данных Фонда, и нажать на «Отправить». После
получения на указанный электронный адрес или номер мобильного телефона
одноразового пароля нужно воспользоваться вкладкой «Ввод одноразового пароля».
Для доступа к интернет-выписке введите полученный через e-mail или SMS одноразовый
пароль и зарегистрируйте новый пароль (при желании).

Далее, вы можете зайти в
свой Личный кабинет и получить не только выписку, но и целый ряд услуг,
предоставляемых ЕНПФ. Например, внести изменения и дополнения в свои реквизиты,
получить справку о наличии ИПС, подать
заявление о назначении пенсионных выплат в связи с
установлением инвалидности 1 или 2 группы бессрочно,
отслеживание статуса
заявления на выплату и (или) переезд и многое другое.    

Получить выписку с ИПС можно и на сайте
электронного правительства
egov.kz.
Однако в этой связи возникает ряд вопросов. В частности, почему в выписках с
сайта электронного правительства указана меньшая сумма, чем в выписке, взятой с
сайта ЕНПФ?

Дело в том, что на портале egov.kz
возможно получение двух видов информации о индивидуальном пенсионном счете.
Во-первых, это «Получение справки о пенсионных отчислениях». В этой справке
указывается информация о поступающих взносах, то есть там отражена сумма Ваших
накоплений без учёта инвестиционного дохода. Если Вы хотите увидеть выписку с
учётом инвестдохода, то рекомендуем Вам также на сайте
egov.kz
воспользоваться другой услугой: «Выдача информации о состоянии пенсионных
накоплений (с учётом инвестиционного дохода) вкладчика (получателя) с единого
накопительного пенсионного фонда». При чём с 25 января 2019 года любой вкладчик
(получатель) может получить выписку с индивидуального пенсионного счета на
сайте
egov.kz не только с помощью ЭЦП,
но и с применением одноразового sms-пароля, который будет приходить на номер
мобильного телефона вкладчика (получателя), зарегистрированный в базе мобильных
граждан mGov, после отправки запроса.

Как известно, многие
сейчас уже не пользуются компьютером, либо ноутбуком. Для вкладчиков ЕНПФ,
которым гораздо удобнее и привычнее все услуги получать посредством смартфонов
или планшетов, есть простое и функцианальное приложение
ENPF.
Оно доступно на двух языках: казахском и русском, в Google Play или AppStore.

Для регистрации в данном мобильном приложении
пользователь может воспользоваться одноразовым паролем, который будет направлен
на его мобильный телефон посредством смс-сообщения. В мобильном приложении
доступно два способа авторизации: ввести ИИН и пароль, либо использовать электронную
цифровую подпись, также можно воспользоваться последующим входом посредством
Touch ID для Android и IOS и Face ID для IOS, при их наличии на мобильном
устройстве.

На сайте ЕНПФ и в мобильном приложении Вы можете
не только получить выписку с индивидуального пенсионного счёта, но и посмотреть
текущие показатели по пенсионным активам, узнать последние новости, адреса и
контакты всех филиалов и центров обслуживания АО «ЕНПФ» посчитать свою будущую
пенсию с помощью прогнозного пенсионного калькулятора, задать вопрос онлайн-боту,
который ответит на самые часто задаваемые вопросы, и многое другое.