КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АҚПАРАТТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 879 миллиард теңгеге ұлғайды «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері

АҚПАРАТТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері  879 миллиард теңгеге ұлғайды

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның

2020 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері 

Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың бірінші тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша  азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергі өсім 8%  құрады.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% – ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгені құрап (өсім 30%), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсім 10%).

Айта кетейік, «БЖЗҚ»  АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлірек айтқанда – 10 698 980 бірлік. Өткен жылдың сәуір айынан бастап өсім 3% көрсетті. ЖЗШ-лардың басым бөлігін бұрынғысынша міндетті зейнетақы жарналары есептелетін шоттар құрады – 10,1 млн, одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514,8 мың шот. Ерікті зейнетақы жарналары да сенімді қарқынмен өсуін жалғастыруда, олардың саны БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 сәуіріне 55 371 шот болды.

2020 жылдың бірінші тоқсанында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 261,9 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы көрсеткіштен 19% артық. Төлемдер 45 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасы бойынша (16,7 млрд теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша (11,6 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына (8,4 млрд теңге), мұрагерлерге аударымдар (7,1 млрд теңге), жерлеуге (0,8 млрд теңге)  төлемдер берілді.

Ерекше атап өтетін жәйт, 2020 жылдың басынан бастап 1 сәуірге дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза инвестициялық табыс 96,9 млрд теңге болған еді. Бұл ретте инвестициялық қызмет нәтижесінде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері әрқашан өзгеріп тұруы мүмкін екендігін және оны ұзақ мерзімді перспективада қарау қажет екенін есте сақтау маңызды.

           2019 және 2020 жылдардағы көрсеткіштерді салыстырып қарағанда көріп отырғанымыздай, инвестициялық кіріс – бұл қаржы құралдарының құнына және тұтастай қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді, тіркелмеген шама. Сондықтан жекелеген қаржы құралдары есебінен инвестициялық кіріс шамасының уақытша төмендеу ықтималдылығы болашақта зейнетақы активтерінің барлық инвестициялық портфелін  ұзақ мерзімде әртараптандыру есебінен өтелетін болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).