КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: БІРЛІКТЕГІЛЕР БІРІГІП МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТУДА.

КЕЛЕС: БІРЛІКТЕГІЛЕР БІРІГІП МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТУДА.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған шарада еліміздегі 7000-нан астам адамға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған. «Nur Otan» партиясы халыққа ең керекті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктері бар жинақтарды үлестіруді бастады. Мұндай көмек әсіресе Тыл ардагерлері мен жалғыз қалған қарттарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіледі. Осы орайда, елімізде «Біз біргеміз» атты бірыңғай акция басталды.
Аталмыш акция Келес ауданында да жалғасын тапты.
«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Келес ауданының Бірлік ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен және ауылдық округтің жанынан құрылған «Бірлік» бастауыш партия ұйымы, ауылдың кәсіпкерлерінің қолдауымен көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен алғашқы қорғаныш құралдарын тарту етті.