КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА!

ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА!

Ағымдағы жылдың 8 – 9 сәуір аралығында болған жауын-шашынның салдарынан ағаштар құлап, электр бағаналарына зиян келіп, Келес ауданының Абай ауылында және ауданға қарасты 7 ауылдық округтерде электр желілері үзілген. Қазіргі таңда аудан орталығындағы электр желілері толық іске косылды. Орын алған апатты жоюға 6 бригада, 6 техника және 38 адам жұмылдырылған. Жағдай аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынып, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданның ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен елді мекендердің барлығы кезең-кезеңімен электр жүйесіне қосылатын болады. Бұл өтпелі кезең, аудан тұрғындарын болған жағдайларға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауға шақырамыз.