КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ОРТАЛЫҚ АВТОБЕКЕТ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Келес ауданында арнайы штаб құрылған болатын. Арнайы штабтың қаулысымен бүгінгі таңда Келес ауданы жаппай бетперделі режимге өтті. Сонымен қоса, аудан орталығындағы «Абай» автобекеті де өз қызметін тоқтатты. Төтенше жағдай режимі аяқталғанша ауыл арасында қатынайтын такси жүргізушілерінің де жұмысы уақытша тоқтатылатын болады. Абай ауылындағы сауда орталықтары азық-түлік сататын орындардан басқа, барлық тауар түрлерінің саудасына тиым салынды. Тойхана, тамақтанатын орындар мен халық көп шоғырланатын орындар қатаң бақылауға алынып, дезинфекция жұмыстары күніне екі мезгілден жасалатын болады. Аудан тұрғындарынан сұранарымыз, сабырлық сақтап үйден шықпауға кеңес береміз, бұл уақытша дүрбелең. Барлығы сіздердің денсаулықтарыңыз үшін істеліп жатқан шаралар.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі