КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚАЗПОШТА ЗЕЙНЕТАҚЫҢЫЗДЫ ҮЙІҢІЗГЕ ЖЕТКІЗІП БЕРЕДІ

Құрметті Келес ауданының тұрғындары!

Қазпошта АҚ-ы қызметкерлері зейнетақысын почта арқылы алатын 65 жастан асқан зейнеткерлерге сәуір айының зейнетақысын үйді-үйіне жеткізіп беретін болады. Сондықтан зейнеткерлер почтаға барып әуре болмай-ақ, зейнетақыны үйде отырып алатын болады.

Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс номерлері арқылы алуға болады:
8 775 777 06 88
8 778 501 08 70
8 702 752 49 02
8 702 606 10 05
8 771 647 94 01