КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА "АҚТӨБЕ" БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

Келес ауданы мен Мақтарал ауданы шектесетін нүстесіне «Ақтөбе» бақылау бекеті қойылды. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бүгін бақылау бекетінің орналасқан жеріне барып, жұмыс барысымен танысты.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған бақылау бекетінде полиция, әкімдік, санитарлық қадағалау мамандарынан жасақталған, жалпы 8 адамнан құралған топ көршілес аудандар Мақтарал, Жетісай бағытынан келе жатқан жүргіншілерге бақылау жұмысын жүргізуде.

Бақылау бекеті арнайы жарық, көлік тоқтау жол белгілері, дене қызуды өлшеуге арналған құрылғылар және жұмысшы топтың тынығуына дүңгіршектермен қамту жұмыстары жүргізілді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі