КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС: ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен жедел әрекет ету штабының кезекті жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және селекторлық режимде ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысқан отырыста аудандағы карантиндік режим мен төтенше жағдай кезіндегі жалпы ахуал, дайындықтар пысықталды.
«Бүгінгі отырыста дезинфекциялау қызметтерінің дайындығын қамтамасыз ету, ТЖ кезіндегі ережелермен ақпараттандыру, азық-түлікке қатысты бірқатар мәселені көтеретін боламыз»-деді аудан басшысы.

Аудандық ТҚЖБ басшысы Спандияр Оразымбетов ауданда атқарылып отырған жұмыстарды атап өтті. Айтуынша, ауданда санитарлық-эпидемиялық жағдай тұрақты, коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтық комиссия құрылып, инфекциялық бақылау шаралары күшейтілген. Сондай-ақ, «Іс-әрекет алгоритмі» әзірленген. Аудан басшысы азық-түлік мәселесіне қатысты бірқатар сын-ескертпе жасады.
«Азық- түлік қоры жеткілікті, әрі ауданымызда қысы-жазы көкөніс пен жеміс-жидек өсіретін жылыжайлар жұмысын тоқтатқан емес, сондықтан да келестіктердің азық- түліктен қысылатындай ешбір орны жоқ»,-деп атап өтті Ақментай Есбаев. Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиковқа депутаттармен бірлесе отырып, аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын, елдегі ауыз бірлікті нығайту мақсатында халықпен етене қарым-қатынас жасап, түсіндіру жұмыстарын жандандыруға тапсырма берді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі