КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

2020 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейді

2020 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейді 

2020 жылдың 1 ақпанына қарасты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштері

 

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті.

Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен  қалыптасқан. Ал МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішіндегі өсім – 15 пайыз. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы  жинақтарының сомасы 251,2 млрд теңгеге (өсім – 25%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсім – 4%) жетті.

2020 жылдың қаңтарында зейнетақы жинақтары шамамен 97 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл сан мынадай кіріс және шығыс ағындарынан қалыптасты:

– 86,7 млрд теңге жарналар түрінде келіп түскен, бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 22 пайызға жоғары. Аталмыш соманың 94 пайызы МЗЖ есебінен толықты – бұл 81,6 млрд теңге. Одан әрі МКЗЖ – 4,9 млрд теңге, ЕЗЖ – 16 млн теңге. 

– жыл басынан бері таза инвестициялық табыс ретінде 28,2 млрд теңге түсіп, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (15,4 млрд теңге) екі еседей жоғары.  

Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы жинақтарының табыстылығы – 6,68 пайызды, ал инфляция деңгейі – 5,6 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

– 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz