КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘКІМДІК ЖИЫНЫ ӨТТІ.

Бүгін Келес ауданы әкімдігінің ғимаратында, аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен Әкімдік жиыны өтті. Жиын барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Құралбаева бүгінгі таңда Атаулы әлеуметтік көмекке тағайындалған және төлем жүріп жатқан отбасылар жайын баяндады. Баяндамашы ауыл және ауылдық округтің әкімдеріне учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау критерийлері бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Асанов баяндап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес шешім қабылдады.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі