КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ҰЛТТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТУДА.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен, аудан бойынша ұлттар арасындағы араздықтың алдын алу, этникалық мәселелерді қоғамдық-саяси, әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсер ететін мақсатта пайдалануға жол бермеу, ұлттар арасындағы кез-келген туындаған мәселелерді өзара ауызбіршілік пен сыйластық бағытта ортақ жұмыс жүргізу мақсатында аудандағы ұлттар өкілдерінің бас қосуымен ынтымақтастық жиыны өтті. Келелі бас қосуға аудан прокуроры Б.Сейфолла, ҰҚК Келес аудандық бөлімінің бастығы М.Абайдулла, Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Қаныбеков, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы С.Селтанов, Ардагерлер төрағасы – Ш.Сәрсенов, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.Жұмабеков, Ұйғыр, Әзірбайжан, Өзбек, Түрік сынды этно-мәдени бірлестіктерінің төрағалары қатысты. Жиын барысында тараптар этносаралық татулықты сақтау мақсатында – өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумды түзді. Меморандумдағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық тараптар үш жақты әріптестік бағытта өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі