КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ӨТКЕН ЖЫЛЫ АУДАНҒА 8,4 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ.

2019 жылы ауданға 8,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуға қол жеткізіліп, өнеркәсіп кәсіпорындары 4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ауданда жалпы алдыңғы қатарлы озық технологияны пайдалана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 91 жоба іске асырылып, 307,7 га жерге егіс егіліп 9 231 тонна (1 айналымда) өнім өндірілды. Жалпы 18462 тонна өнім алынып, ТМД елдеріне экспортталды. Ағын су жүйелерін дамыту бойынша 2019 жылы ұзындығы 184,9 шақырымды құрайтын, 30 канал мен 12 қашыртқылар механикалық тазалаудан өткізіліп, Қайта айналымға қосылған суармалы жер көлемі – 500 га құраған болса, су өткізу мүмкіндігі жақсарған жер көлемі – 2100 га жетті. Жол жөндеу бойынша, жалпы аудан бойынша – 114,8 шақырым жол жөндеуден өтті. Оның ішінде Абай ауылындағы 23 көше «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жөндеуден өтті. Өңір экономикасын әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 2020 жылы құны 1058,4 млн теңге болатын 5 жоба іске асырылуы жоспарланып, 230 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2020 жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша 1 жоба іске асырылу жоспарлануда. Ол: Бірлік ауылдық округі аумағында орналасқан «Эко Культура Евразия» ЖШС-нің жалпы құны 484,0 млрд теңге құрайтын 500 га өнеркәсіптік жылыжай құрылысы. Жоба 2020-2025 жылдары іске асыру жоспарлануда.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі