КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНЫҢ АЯСЫНДА, 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ.

КЕЛЕС: «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНЫҢ АЯСЫНДА, 2019 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ.

Бүгін Келес аудандық кітапханасында Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақаласының аясында Келес ауданында 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды. Есепті кездесуге Түркістан облысынан Рухани Жаңғыру кеңсесінің Тәрбие және білім кіші бағдарламасы бойынша әкімшісі Бейсенбаева Гүлмира Сенбекқызы және Рухани қазына кіші бағдарламасы бойынша әкімшісі Усманова Мөлдір Алмабекқызы арнайы қатысып, облыс көлемінде 2019 жылы Рухани Жаңғыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы қысқаша баяндап өтті. Кездесу барысында Келес ауданында өткен жылы аталған бағытта атқарылған жұмыстардың барысымен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ілесов Дәурен Оразбайұлы толығымен, арнайы слайдттық бағдарлама арқылы кеңінен таныстырып шықты. Өткен жылы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында жетім, жартылай жетім, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы отбасы балалары мен пәндік, ғылыми олимпиада жеңімпаздары және спорттық сайыс жеңімпаздарынан жалпы 150 оқушы ағымдағы жылдың 11-16 шілде аралығында Нұр -Сұлтан қаласына саяхаттап қайтты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жыл басынан бастап, бүгінгі таңға дейін 513 мәдени іс-шара өткізіліп, 87 520 көрермен тартылды. БАҚ беттерінде 179 материал жарияланған. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында аудан аумағында кәсіпкерлер мен демеушілер есебінен 2019 жылға жүзеге асырылған 3 жобаның тізімі жинақталып, бүгінгі таңға 3 жоба пайдалануға берілді. Елді мекендерді ауыл жастарын спортқа баулуға Абай ауыл әкімшілігінде жеке кәсіпкер Мырзабаев Жақыпбектің демеушілігімен ауыл жастарына арналған спорт кешені салынды. Аталған жоба ағымдағы жылы да тиісті бекітілген кестеге сәйкес, аудан көлемінде кеңінен насихатталып, жүзеге асатын болады. Жиынды қорытындылаған облыстан келеген арнайы өкілдер, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өзгерістерге тамсанғанын жасырмады.
(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі