КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

Бүгін Келес аудандық мәдениет үйінде «Әкелер мектебі – тәрбие мектебі» атты әкелерге арналған облыстық семинар өтті. Семинарға Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Төлебаев Кенжехан, Келес ауданының әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Икрамұлы Сексенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы, аудандық ардаргер кеңесінің мүшелері, білім саласының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Жиын басталмас бұрын, Мәдениет үйінің фоесінде білім саласының жеткен жетістіктеріннен сыр шертетін көрме қойылды. Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастау алған келелі кездесуде, аудан әкімі Ақментай Есбаев Әкенің отбасыда алар орнымен, қоғамдағы абыройы сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі орны жайлы кеңінен тарқата айтып өтті. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаевта жиынға жиналған қауымға ата-ананың, соның ішінде әкенің балаға қаншалық өнеге көрсетерін арнайы бейнероикпен көрсетіп, облысымызда қолға алынған жобаның тиімділігін түсіндірді. Аудандық әкелер мектебі кеңесінің төрағасы Орынтай Бегаисов, №20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің әкелер мектебінің төрағасы Орынбасар Егембердиевтер арнайы жарыссөзге шығып өз ойларын ортаға салған болса, «Әке туралы жыр» әнімен мәдениет үйінің өнерпазы Е.Бекмұратов ән шырқап, «Ата-ананың қадірі» атты көрініспен, «Келес» халық театры көптің көңілін басатты.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі