КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ, ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ӨНІМІН АРТТЫРУ – КЕЛЕС ШАРУАЛАРЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫНА АЙНАЛМАҚ.

Бүгін Келес ауданындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ғимаратында, Келес ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын асылдандыру, озық технология немесе қолдан ұрықтандыра отырып, өнімін арттыру бойынша жиын өтті. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев, М.Ауезов атындағы ОҚМУ Аграрлық факультетінің деканы биология ғылымдарының кандидаты Жылқыбаев Асет Кеңесбекұлы, Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Алимбеков Саян, Биология ғылымдарының докторы, профессор Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі Қожабаев Мәжіт Жұмабайұлы, Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Алиханов Оралбек, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Қаратаев Шалабай Мадешұлы және Агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Жиынның күн тәртібінде, Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қарамағындағы ірі қара және ұсақ малдардың аналық басын асылдандыру мақсатында агроқұрылым басшыларына, қолдан ұрықтандыру тәсілін түсіндіру мәселесі қойылып, жиынға қатысқан ғалым, академиктер тарапынан кеңінен түсіндірілді. Аудан аумағында мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістіктерінің бірі – қолдан ұрықтандыру тәсілі қолға алынуда. Біртілек ауылдық округі, Амангелді елді мекенінде орналасқан Әлімбаев Даурен бүгінгі таңда, мал өсіріп, бордақылау кәсібін дөңгелетіп отырған шаруаның бірі саналады. Сол шарушылықтың басында болған агроқұрылым басшылары, оның ішінде Ветеринария ғылымының кандидаты Қаратаев Шалабай Мадешұлы аудан шаруаларын практикалық тұрғыдан өндірістік түрде қажетті құрал- жабдықтармен мал ұрығын сапасын алдын ала тексеру жүргізуді, сақтауды және малдарға шебер ұрықтандыруды көрсетті. Жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде, көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған ұқсаған мыңдаған төл алынып, нәтижелі тұқымды асылдаңдыру жұмысын жолға қою бүгінгі шаруалардың басты мақсатына айналуда.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі