КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КЕЛІСТІ.

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың қабылдауында, аудандық полиция бөліміне бастық болып, жаңадан тағайындалған полиция полковнигі Қаныбеков Болат Бахадырұлы болды. Кездесу барысында аудан әкімі Болат Бахадырұлын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, полиция бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстардың кемшіл тұстарын атап, алдағы уақытта сол кем-кетіктің орнын толтыру бағытында аянбай қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің бастығы жаңа жобалармен алдағы уақытта тағы қабылдауына келетінін, аудандағы қауіпсіздік саласында жұмыла бірге жұмыс жасарын айтып өтті.