КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ОШАҚТЫ ЖӘНЕ БІРТІЛЕК ТҰРҒЫНДАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлының халық алдындағы есебі Ошақты және Біртілек ауылдық округтерінде жалғасын тапты.
А.Есбаев 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, 2020 жылы атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.
Аудан әкімі А.Есбаев Қазақстан халқының ел ертеңіне деген сенімін арттырып, халықтың әл-ауқатын арттырудың бағытын нақты айқындап берген Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаулары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде аталған ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстарға, қол жеткізілген оң нәтижелерді атап өтіп, алдағы жылы атқарылар ауқымды жұмыстарды баяндап өтті.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауы барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша шешімін тапқан мәселелерге тоқталып, қалған мәселелер биылғы және алдағы жылдары шешімін табатынын жеткізді.
Есептік кездесуге келген тұрғындар тарапынан жер мәселесі, электр бағаналарын ауыстыру, мектеп құрылысы, ауыз су мен ағын су бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстарға толыққанды жауап беріп, кейбір мәселелерді шешуге ұзақ уақыт кететіндігін ескерте отырып, осы бағытта жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Аудан әкімі А.Есбаев екі ауыл округіндегі есепті жиыннан кейін азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, ауыл әкімдері мен бөлімдерге мәселелерді зерделеп шешу бойынша тиісті тапсырмалар берді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі