КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

2020 ЖЫЛЫ АҚТӨБЕЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНБЕК.

Келес ауданының барлық 12 ауылдық округтерінің орталығындағы елді мекендерге биылғы жылы спорт алаңшаралы құрылатын болады. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ақментай Есбаев, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындары алдында берген есебінде айтты. Келес ауданындағы ең үлкен ауылдық округтерінің бірі – Ақтөбе ауылдық округінде өткен 2019 жылы атқарылған жұмыстарын саралап, өзекті мәселелерді ортаға салған Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев халық алдындағы есебі жоғарғы деңгейді өтті. Өткен жылғы жұмыстары қамтылған арнайы бейнеролик қойылып, көп алдында 2020 жылға қойылған мақсатты жұмыстарын баяндаған аудан басшысы, жиын соңында көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Жалпы Ақтөбе ауылдық округі 14 елді мекеннен тұрады. Орталығы – Қызыләскер елді мекені. 2020 жылы округ орталығына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ішкі көшелері толықтай орта жөндеуден өтетін болады. Есепті кездесуге келеген тұрғындар аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген бағасын беріп, 2020 жылдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ақментай Үсенұлы аудан тұрғындарымен ашық сөйлесу және Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын іске асыру аясында есеп беру – кездесу жиынын жаңа форматта өткізуде.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі