КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ САРАЛАНҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН, ЖҮЗІМДІКТЕГІ ЖҮЗДЕСУ.

Келес ауданы әкімінің халық алдында өткен 2019 жылда атқарған жұмыстарының саралап, өзекті мәселелерді ортаға салған, сондай-ақ 2020 жылы атқарылар шарулардың жоспарымен таныстыру кездесуі былтыр ғана ауылдық округтің құрылғанына – 50 жыл болған Жүзімдікте өтті. Келелі кездесуге жиналған халыққа алдымен ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарды ішіне қамтыған арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, кейіннен аудан басшысы слайдттық бағдарлама арқылы жалпы өткен жылы атқарырылған жұмыстар мен 2020 жылға қойылған мақсатты жұмыстарды тарқата айтып берді. Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкіміне ауылдық округ аумағындағы күрмеулі мәселелер бойынша сұрақ, ұсыныс пікірлерін жолдады. Өңір басшысы қойылған сұрақтарға ауданның даму жоспарына сәйкес, тиісінше орындалар жұмыстардың жүйесімен тұшымды жауап берді. Ақментай Үсенұлы аудан тұрғындарымен ашық сөйлесу және Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын іске асыру аясында есеп беру – кездесу жиынын жаңа форматта өткізуде.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізуде.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі