КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ҰШҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ – 172 ТҰРҒЫНҒА УЧАСКЕЛІК ЖЕР БЕРІЛДІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады. Жиын барысында округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.
Ұшқын ауылдық округінде «Ақ-бұлақ» бағдарламасы аясында 3 елді мекеннің ішінде Ұшқын елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған болатын. Достық, Қоралас ауылына ауыз су жүйесінің құрылысына 2019 жылы аяқталып, жалпы бүгінгі таңға ауылдық округінің 7584 тұрғыны 100 % таза ауыз сумен қамтылды.
Ауыл округі аумағында барлығы 35 трансформатор мен 85 шақырым электр желілері бар. Бүгінгі таңға ауылдық округі 100 % жаңа (СИП) сапалы электр жүйесімен қамтылған. Жалпы ауылдық округі бойынша қазіргі таңда барлығы 8 көше жарықтандырылған болып, жарықтандырылған көшелер 22 пайызды құрап отыр. 2019 жылы 72 дана лампа электр үнемдегіш лампаларға ауыстырылды. Ауылдық округі бойынша Ұшқын, Достық және Қоралас елді мекендерінің оңтайлатылған жоспары жасалып, бекітілді. Достық елді мекенінен азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін берілуі белгіленіп отырылған 85,5 га үй іргелік жерлер елді мекен шегіне енгізілді.
Бүгінгі таңда кезекте тұрғандар саны 888 адам болып отыр. Олардың ішінде биылғы жылы 201 тұрғындардан жер беру туралы өтініш қабылданып, олардың 172-не учаскелік жерлер берілді. 29 азаматқа бас тарту туралы шешім қабылданды. Бұл жұмыстар ары қарай жалғастырылуда.
Бүгінгі таңға Ұшқын елді мекенінің шегіне 8,55 га, Достық елді мекеніне 95,44 га жалпы ауылдық округі бойынша 103,99 га жерлерді елді мекен шегіне енгізуге құжаттары дайындалып, аудандық маслихатта бекітіліп, облыстық әділет департаментінде тіркелді. Бүгінгі таңда облыс тарапынан осы жерлерді электронды базаға енгізу жұмыстары жүргізілуде.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі