КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ҚОШҚАРАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, бүгін аудан әкімінің есебі Қошқарата ауылдық округінде жалғасын тапты. 2019 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, 2020 жылы атқарылатын жұмыстар барысы жайында баяндап өтті. Қазақстан халқының ел ертеңіне деген сенімін арттырып, айтулы игі істер атқарылып, халықтың әл-ауқатын арттырудың бағытын нақты айқындап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаулары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Қошқарата ауылдық округте біршама жұмыстар атқарылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Ауылдық округінің 13 елді мекені толық таза ауыз сумен тәулігіне 24 сағатқа қамтылған. Елді мекендердің кеңеуі салдарынан жаңадан қосылған Бесқұбыр елді мекеніндегі Парасат және М.Әуезов көшелеріне 2019 жылы су жүйесі жүргізіліп халық игілігіне тапсырылды, Қошқарата ауылындағы М.Есенбаев көшесіне халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп құрылыс жұмыстары аяқталды. Таза ауыз су көше тұрғындарына берілді. Бесқұбыр елді мекенінде орналасқан С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің жылу жүйесінің қазандығының мұржасы мен электр желілері ауыстырылып жаңаланды. Ауылдық округінің аумағында орналасқан Келес жалпы орта мектебі мен 1 Мамыр жалпы орта мектебіне талшықтық-оптикалық байланыс жүйесін кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Бесқұбыр елді мекенінде инвест-проектпен жоспарланған жоғарғы кернеу жүйесінің бағаналары мен жүйелері толық ауыстырылып жаңаланды. Есептік кездесуге келген тұрғындар тарапынан жер мәселесі, электр бағаналарын ауыстыру, мектеп құрылысы, ағын су бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстарға аудан әкімі толыққанды жауап беріп, кейбір мәселелерді шешуге ұзақ уақыт кететіндігін ескерте отырып, осы бағытта жұмыс жүргізілетінін айтып өтті. Ақментай Үсенұлы аудан тұрғындарымен ашық сөйлесу және Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын іске асыру аясында есеп беру – кездесу жиынын жаңа форматта өткізуде. Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі