КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ БІРЛЕСУДЕГІ ЕСЕБІ.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев кезекті кездесуін Бірлесу ауылдық округінде өткізіп, округ тұрғындарының алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар және 2020 жылы атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Есептік кездесуге аудандық «Nur otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев, дербес бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен есептік кездесу өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысы арнайы бейнероликте қамтылып, аудан әкімі слайдттық бағдарлама арқылы көптің алдында ауызша баяндап өтті. Келелі кездесудің соңы округ тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарын тікелей аудан басшысына жолдап, нақты жауаптары берілді. Ақментай Үсенұлы аудан тұрғындарымен ашық сөйлесу және Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын іске асыру аясында есеп беру – кездесу жиынын жаңа форматта өткізуде.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізуде.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі