КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ.

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады. Жиын барысында округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды. Жалпы Алпамыс батыр ауылдық округінде суармалы жер – 1070 га, болса – игерілгені 1070 га – 100 пайыз. Жылыжай көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,0 га-ға ұлғайып , жалпы көлемі 6,8 га жетті. Тұрғындардың аудандық «Ырыс» шағын микрокредиттік ұйымынан несие алғандар саны – 2 адам, «Арнур» микрокридиттік ұйымынан 16 адам шағын несие алды. Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша 2019 жылы 176 га жерге дәндік жүгері, 710 га жерге көкөніс, 50 га жерге бақша, 48 га жерге картоп егілді. Ауылдық округте 36 га жеміс, 40 га жүзім алқабы бар. 2019 жылдың жоспары бойынша 10 бастық шағын мал бордақылау алаңдарын құру жоспарланған болатын, жыл барысында 10 шағын мал бордақылау орны ашылды, жылдық жоспар 100 пайызға орындалып отыр. 2019 жылдың барысында ауыл шаруашылық саласы бойынша 15 азамат тұрақты жұмысқа тартылды. Ақментай Үсенұлы аудан тұрғындарымен ашық сөйлесу және Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын іске асыру аясында есеп беру – кездесу жиынын жаңа форматта өткізуде.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі