КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС ТҰРҒЫНДАРЫНА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛШАРУШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ.

КЕЛЕС ТҰРҒЫНДАРЫНА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛШАРУШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ.

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы филиал төрағасы Ө.Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасын іске асыру мақсатында аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Ақментай Есбаев аудандағы тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың үйінде болып, қал жағдайын сұрап қайтты.

Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Тасқұлов Шаяхметтің шаңырағына барған аудан басшысы, алдымен тұрмыс жағдайының жайымен танысып, ауыл тұрғынын сөзге тартып, бүгінде күнделікті өмірде қандай мұқтаждық сезіп отқанын сұрап, ол өз кезегінде 28 га жері барын, сол жерге егін егуге айналма қаржыға тапшылық сезіп отқанын айтып, әкімнен жалға қаржы шығаруға көмектесуін сұрады. Сол жерге егін егу арқылы ешкімге қол жаймауға тырысарын атап, өзінің тұрмыстық деңгейін көтеруге бел байларын жеткізді. Өз кезегінде аудан әкімі ауданымызде бүгінгі таңда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» өз жұмысын жасап жатқанын, осындай игі бастамаға әрқашан қолдау боларын жеткізіп, ауыл әкіміне бағыт-бағдар беруін тапсырды.

Аудан әкімінің келесі бағыты Ораз ата елді мекені тұрғыны Жанабаева Жанаттың отбасына аяқ тіреді. Жалғыз үйде қызы және қарт әжей тұратын отбасының шатырын ауыстыруға еріктілер тарапынан көмек көрсетілетін болды. Сонымен қатар, ауыл биі осы жылдың көктемінен бастап ауласындағы жерге жергілікті шаруа диқандар арасынан егін егіп, егіннің пайдасынан аталған жанұяға да көмек көрсетілуін ұйымдастыратын болды. Сонымен қатар жұмысқа жарамды қызын тұрақты жұмыспен қамтылатыны айтылды.

Сол елді мекеннің тұрғыны 5 баласы бар Омаралиева Шаризаға да жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек алуға концультация беріліп, үйінің отағасына қоғамдық ақылы жұмысқа ұсыныс берілді.

Керегетас елді мекенінің тұрғыны, 9 баланың анасы Алпысбаева Гүлбахар аудан әкімінің жеке қабылдауына келіп, көшесіне шағал төсеп беруін сұрап келген болатын. Аудан әкімі Ақментай Үсенұлы аталған тұрғынның үйіне барып, жағдайымен танысып, округ әкіміне тездетіп көтеріп отқан мәселесін шешуді тапсырды. Аудан әкімімен сұхбат барысында Керегетас тұрғыны күнделікті тұрмыста керекті азық-түліктен, есігінің алдындағы жылыжайына дақылдар егудің арқасында таршылық сезілмейтінін жеткізді.

Аудан әкімі, ауданға қарасты барлық ауылдық округтердің әкімдеріне «Қамқорлақ» жобасы тек тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамту ғана емес, өз кезегінде әр тұрғынмен сұхбат жүргізіп, керекті көмек, мысалы үшін: көктемде егетін жер телімі болса соны жыртуға көмектесіп, не болмаса керекті ауыл шарушылығы мамандарымен кеңесе отырып тиісті бағыт-бағдар беруді ұйымдастыру керек екенін алға тартты. Себебі ауданда мекендейтін халық өзі-ақ – еңбекқор, сол еңбекқорлығын дұрыс бағытта қолдануды үйретуіміз керек деген аудан басшысы сөзін қорытындылады.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі