КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МАҚСАТЫМЫЗ – ХАЛЫҚТЫҢ ТЕРЕЗЕСІН ТЕҢЕСТІРУ.

МАҚСАТЫМЫЗ - ХАЛЫҚТЫҢ ТЕРЕЗЕСІН ТЕҢЕСТІРУ.

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы филиал төрағасы Ө.Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасын іске асыру мақсатында, партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы А.Есбаев Алпамыс батыр, Ұшқын және Ошақты ауылдық округтеріне барып, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың жайымен танысты. Осы орайда Келес ауданының ауылдық округ әкімдері тұрғындармен жеке-жеке жұмыс жүргізу нәтижесінде жағдайы төмен отбасылардың тізімі жасақталып, аудан әкімінің тапсырмасымен әр отбасыға ай сайын азық-түлік себеттерін табыстап тұру үшін, жергілікті демеушілер есебінен кесте құрылды. Аудан әкімі Ақментай Үсенұлы ендігі кезекте тұрмысы төмен отбасаларға мемелкеттен алынатын көмек қаржысы өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалып, ал азық-түліктерді жергілікті әкімдіктің жасақтаған кестесіне сәйкес, әр ай сайын беріліп тұруын сала басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырды. Осылайша аудандағы кедейлік деңгейін түбегейлі шешіуді мақсат тұтқан жобаның тиімділігі де осында. Аудан басшысының ауылдық елді мекендердегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды тек қана азық түлік себетімен қамтамыз етпей, неге мұқтаждық сезіп отқанын, сонымен қатар күнделікті тұрмыста кездесіп жатқан қиындықтарымен де бөлісіп, мәселені шешу үшін диалог орнатты. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда біршама отбасылардың мәселесі дер кезінде шешілуде.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі