КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

КЕЛЕС: ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

Бүгін, Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Кодексіне 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша салық төлеушілерге түсіндіру мақсатында, Түркістан облысы бойынша МКД-нің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес жиналысы өткізілді. Жиынның күн тәртібінде ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Кодексіне 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер туралы мәселе енгізіліп, қаралды. Келес ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Бигабулов, өткізіліп отырған семинар-кеңестің күн тәртібімен және семинар-кеңесті өткізуге қатысып отырған Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Ә.Лесовты, Өндірістік емес төлемдер басқармасының бөлім басшысы М.Көкеновты семинар-кеңеске қатысушылармен таныстырып өтті. Сөз кезегінде Ә.Лесов ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Кодексіне 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша баяндама жасады. Қолданысқа енгізу Заңына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген баптарға қысқаша тоқталып өтті.
Екінші сөз кезегі Өндірістік емес төлемдер басқармасының бөлім басшысы М.Көкеновке беріліп, ол өз кезегінде Тіркелген салық бойынша, Жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, Бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты өзгерістер бойынша баяндама жасады.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі