КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, ТАЛҚЫЛАНДЫ.

КЕЛЕС: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Бүгін қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы ауданның негізгі индикаторларға қол жеткізуі және өңірлердің даму жоспарлары бойынша жұмыстың нәтижелері туралы, аудан әкімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін және мәслихат хатшысының, қоғамдық кеңес төрағасының баяндамаларын тыңдау және талқылау мақсатында аудандық мәслихат депутаттарын, аудан тұрғындарын, бизнес пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті. Кеңес отырысына аудан әкімі Ақментай Есбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков және аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, сонымен қатар, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев 2019 жылы атқарылған жұмыстарының барысын арнайы бейнероликпен және слайдттық бағдарлама арқылы жиынға қатысқандарға көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс, пікірлерді талқылады. Сонымен қатар, мәслихат хатшысының, қоғамдық кеңес төрағасының баяндамалары көпшілік алдында тыңдалып, талқыланды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі