КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАР ҚОҒАМ НАЗАРЫНАН ТЫСҚАРЫ ЕМЕС.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАР ҚОҒАМ НАЗАРЫНАН ТЫСҚАРЫ ЕМЕС.

Тұрмыс тауқыметін көріп, өмірде көптеген қиыншылықтарды бастан кешірген азаматтарымыз арамызда бары жасырын емес. Олар өздерінің қара қамын ғана ойламай, өздерінен мүмкіндігі шектеулі халде дүниеге келген балаларының жайымен де осы ғұмырда басқаларға қарағанда төмен күн көрістің түрімен өмір сүруде. Осындай азаматтарымызды қоғам арасында орнын жоғалтпай, өзіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Абай ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың үйіне арнайы барып, сұқбаттасып, азық-түлік себеттерін табыстады. Сұқбат барысында аудан басшысы арнайы әр тұрғынның талап тілектері мен неге мұқтаждық сезіп отқанын сұрай келе, өзімен бірге ерткен аудан әкімінің орынбасары мен аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Құралбаеваға жұмысқа жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар, сол тұрғындардың тұрып жатқан үйінің бітпей тұрған тұстарына және айналасындағы тазалық жұмыстарына арнайы еріктілер тобын жұмылдыра отырып, демеушілер есебінен құрылыс барысын аяқтауды тапсырды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызмет