КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Таяуда зейнетақы шотым бойынша үзінді көшірме алдым. Бірнеше миллион теңге жиналып қалыпты. Алайда соңғы кезде кейбір банктердің таратылғанын немесе басқа банктермен біріккенін көріп жүрміз. БЖЗҚ-ның алдында ондай қауіп жоқ па? Жинақ ақшамыздың сақталуына кім кепілдік береді?

«

Уайымдауға еш негіз жоқ. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Дәл мұндай кепілдік әлемнің ешбір елінде жоқ.  Мысалы, Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына ешқандай кепілдік берілмейді. Ал Чехия, Жапония және Словакияда зейнетақы жинақтарының табыстылығына кепілдік қарастырылмаған. Бұл елдерде зейнетақы қорлары жарналардың атаулы құнының, яғни,  инфляцияны ескермей нөлдік инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепілдік береді.