КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ.

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ.

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мемлекеттік мекемелер арасында өткізілетін ведомствоаралық жиыны өтті. Жиынға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков, аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудандық Полиция бөлімі бастығының м.а. С.Кашкинбаев және аудан прокуротурасының қызметкерлерімен қатар, дербес бөлім басшылары, ауыл ауылдық округтерінің әкімдері мен білім ошақтарының директорлары қатысты. Аудандық мемлекеттік мекемелер арасында өткізілетін ведомствоаралық жиынның күн тәртібінде қылмысты алдын-алу бағытында атқарылған профилактикалық іс-шаралар және кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жайлы мәселер қаралып, Келес ауданы прокурорының орынбасары М.Спабеков, аудандық Полиция бөлімі бастығының м.а. С.Кашкинбаев және аудандық Білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Абдиев баяндама жасады.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі