КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНА ҚР-НЫҢ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ӘЛИ БЕКТАЕВ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ.

КЕЛЕС АУДАНЫНА ҚР-НЫҢ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ӘЛИ БЕКТАЕВ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ.

Келес ауданына ҚР-ның Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев іс-сапармен келді. Халық қалаулысымен Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға облыстық, аудандық маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік, мәдениет, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты. Сенат депутаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көтерілген мәселелер, еліміздегі жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы егжей-тегжейлі талқыға салды. Сенатордың тұрғындарымен кездесуі барысында өңірде қордаланған көптеген мәселелер талқыланды. Әли Бектаев жиынға қатысқан азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер мен жасалған өтініштерді барынша шешуге ат салысатынын, аудан халқына қолдау көрсету үшін үкіметке депутаттық сауал жолдайтынын атап өтті. Жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі Ақментай Есбаев ауданымызға арнайы келіп, Елімізде атқарылып жатқан тың жұмыстар, реформалар, жаңадан қабылданған заңдар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізгені үшін халық қалаулысына алғысын айтып, аудан тұрғындарын киелі Келес өңірінің қара шаңырағы саналған Келес ауданын дамытуға бірігіп атсалысуға шақырды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі