КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС: ӘКІМ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРҒА ВИЗИТ КАРТАСЫН ТАРАТТЫ

КЕЛЕС: ӘКІМ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРҒА ВИЗИТ КАРТАСЫН ТАРАТТЫ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жастармен кездесті. Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінде, еркін форматта пікір алмасу ретінде ұйымдастырылған кездесуге аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері, ауылдық округтердің белсенді жастары, жас мамандар, Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшелері жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кездесу аясында аудан әкімі Ақментай Есбаев Тұңғыш Елбасының қолдауымен жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, Президентіміздің алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді. Аталмыш жиын жанды дауыста айтылған патриоттық әндермен қорытындыланды. Аудан әкімі Ақментай Үсенұлы шара барасында белсенділік танытқан және сұрақтары өтімді жастарға визит картасын таратып, алда кез-келген уақытта хабарласып ұсыныстарын жеткізуге болатынын айтты.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі