КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ЖАҢАТІРІШІЛІККЕ ТІРШІЛІК НӘРІ – АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

ЖАҢАТІРІШІЛІККЕ ТІРШІЛІК НӘРІ - АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

Ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Әсіресе, шалғай елдімекендерге жеткізу халық тіршілігін жақсартуға сеп болмақ. Оның тиімді қызмет етуі және тұрақты дамуы экономиканы көтеруге әсер етпек. Келес ауданында жаңа жыл қарсаңында Бірлік ауылдық округі Жаңатіршілік елді мекеніне ауыз су берілді. Аудан басшысы Ақментай Есбаев арнайы Жаңатіршілік ауылының тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, елді мекенге таза ауыз су беру салтанатына қатысты. 34 шақырымдық су құбыры желісінің құрылысын «Star-stroi» ЖШС мекемесі жүргізді. Бірлік ауылдық округіне қарасты Жаңатіршілік елдімекенінің тұрғындары енді алыстан су тасып сабылмайды. Жаңатіршілік елді мекенінде 1836 адам қоныстанып, жалпы 404 абонент ауыз сумен қамтылып отыр. «Құрметті Жаңатіршілік тұрғындары бүгін жаңа жыл мерекесіне орай ауылымызға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су берілді. Ағымдағы жыл Жаңатіршілікке асфальт жолдар түсті, енді міне ауыз су енді алдағы уақытта көгілдір отын қамтамасыз ету жоспарымызға енген»- деді Келес ауданы әкімі Ақментай Үсенұлы.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі