КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАБЫҢЫЗ.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАБЫҢЫЗ.

ҚҰРМЕТТІ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Көкейкесті мәселелер бойынша сұрақтарыңызды, ұсыныс- тілектеріңізді Келес ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларына (FACEBOOK, INSTAGRAM) тікелей жолдай аласыздар. Сонымен бірге ауданда жарық көріп жатқан жаңалықтарға, ел ішіндегі айтулы оқиғаларға өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, әлеуметтік желіде пікір қалдыруларыңызға әбден болады. Оқырман тарапынан қойылған қандай да бір сұрақ, ұсыныс-тілектерге міндетті түрде сараптама жасалып, жауапты мамандар тарапынан мәселе шешімін табады . Егер де қай салаға көп сұрақ қойылса, аудан әкімдігіне қарасты аталмыш дербес бөлім басшысы жергілікті «СӘТ» телеарнасы арқылы әр аптаның сейсенбі күні, кешкі сағат 21-20 де жауап беріп, мәселенің күрмеуін шешуге білек түріп кіріседі. Сондай-ақ аталған бейнематериал әлеуметтік желілерде жарияланады. Дамудың даңғыл жолына түскен Келес ауданының көркеюіне ой-пікіріңіз арқылы үлес қоса аласыз. Сіздің көзқарасыңыз маңызға ие.
Сол себепті аудан тұрғындарын ойын бүкпесіз ашық жеткізуге, әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырамыз!

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі