КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» КЕЛЕС АУДАНЫНДА

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КӨШПЕЛІ ЖИЫН КЕЛЕС АУДАНЫНА КЕЛДІ.

Келес аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі іс-шара өткізілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог, дінтанушы маманы Халықов Медет Мұзапбарұлы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Қыдырбаева Айнұр Мамырқызы, Келес ауданының бас имамы Сыдыков Айдарбек Болысұлы, Келес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Сәрсенұлы және аудандық мәслихаты депутаты Н.Апсиков, аудандық терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы мен мүшелері, ауыл, аудан бойынша дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері, имамдар қатысты. Аталған жиынның мақсаты:
Облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру; Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу; Мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
Жиын соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі