КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА БОЛДЫ.

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА БОЛДЫ.

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Қ.Темірбаеваның қатысуымен 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, мүгедектігі бар адамдарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» және ауыл шаруашылығы саласына қатысты индикаторлардың орындалуы бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ақментай Есбаев ашып, жүргізіп отырды. Түсіндіру барысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру үшін заң жобасы әзірленіп, оның шеңберінде АӘК көрсетудің жаңа бағыты айқындалған болатын. Осы орайда, заңнамалық түрде аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет анықталып, көп балалы отбасылар бұрынғыдай мемлекет қолдауына ие болады. Басты мақсат – нақты көмекке мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан жәрдем көрсету.
Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, толыққанды жауаптарын алды.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі