КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КЕЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНУДЕ.

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КЕЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНУДЕ.

Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай, Келес ауданында жалпы 4 нысан пайдалануға берілді. Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекені сапалы электр қуатымен қамтылды. Сонымен қатар 13 шақырым көше жиегіне диотты көше жарық шамдары орнатылды. Біртілек ауылдық округі осымен толық сапалы электр қуатымен қамтылып, 70 пайызға жуық көшесіне жарық шамдар орнатылды. Елді мекенді сапалы электр қуатымен қамтамыз ету шарасына аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысып, ауыл ақсақалдарының батасын алды. Еліміз Егемендігін алған жылдары елде болған қиындықтарды көзбен көрген ақсақалдар, бүгінгі күнде жеткен жетістіктерімізге Тұңғыш Елбасымыздың ерен еңбегін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ былтыр ғана Елбасымыздың Жарлығымен өз алдына жеке аудан болған өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға өздерінің оң бағасын беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы Жүзімдік ауылдық округі, Сатпаев елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің пайдалануға берілген сәтіне куә болу үшін арнайы барды. Осы уақытқа дейін Жүзімдік жұртшылығы ауыз судан қиындыққа тап болуда еді. Тұңғыш Президент күніне орай аталған елді мекендегі 644 шаңыраққа ауыз су құбыры жеткізіліп, халықтың қуанышы еселенуде. Құрылысты жүргізген «Жедел құрылыс» ЖШС басшылығына да халақтың мерейі ерекше. Себебі ауыл тұрғындарына арнап, дәрігерлік емханаға барар жолға өз есебінен тас төсеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жалпы Жүзімдік ауылдық округіндегі екі елді мекенде жер асты су қоры анықталып, келесі жылға құрылысы жүргізілуі жоспарлануда. Аудан басшысының келесі бағыты өңіріміздегі ең үлкен аумақ пен халқы орналасқан округ Ақтөбеде болды. Онда Көкбұлақ елді мекені тұрғындары да таза ауыз су берілгенін зор қуанышпен атап өтуде еді. Аудан әкімі өз сөзінде келе жатқан Тұңғыш Президент күніменмен ауыл тұрғындарын құттықтап, су станциясының лентасын қиды. Жалпы аталған елді мекенде 1681 адам тұрса, жалпы 241 отбасы ауыз сумен қамтылып отыр. Тапсырыс беруші мекеме Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады. Құбырдың жалпы ұзындығы – 29,141 шақырымды құрайды. Сондай-ақ келесі жылдың еншісіне Бозсу және Ынтымақ елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстарын жүргізу еніп отыр.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі