КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

Бүгін  Тұңғыш Президент күніне орай Келес ауданы Біртілек ауылдық округіндегі  Р.Әлібекұлы жалпы орта мектебінің ашылуы салтанаты болып өтті. Жалпы ескі ғимарат жанынан соғылған жаңа білім ұясында ендігі кезекте 300 оқушы білім алуға жағдай жасалды. Ескі мектеп ғимараты 1978 жылы ыңғайластырып салынған болатын. Мектепте спорт залы, асхана, қосымша үйірмелер жүргізу үшін сынып бөлмелері жетіспеген. Осы олқылықтарды жойып, білімнің деңгейін көтеру үшін салынған білім ұясының ашылуына арнайы аудан басшысы Ақментай Есбаев қатысып, елді мекен тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Аталған білім ордасында балалар білім алып, салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда 1 спорт залы, мектепте тігін, ағаш ұстасы сынды түрлі үйірмелердің жұмыс жасауына мүмкіндік мол. Яғни, мұнда білім алған оқушы әмбебап болып қалыптасады. Аталған мектеп құрылысын «Құрылыс Т.А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, жалпы 425884,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Сонымен қатар аудан көлемінде Ақтөбе ауылдық округінде Р.Қошқарбаев жалпы орта мектебінің, Қошқарата ауылдық округінде №29 жалпы орта мектебінің биылғы жылы құрылыстары басталып келесі жылға пайдалануға беру жоспарлануда.