КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«EGOV MOBILE» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ.

«EGOV MOBILE» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында Абай ауылы ХҚКО-да «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту, дипломмен ауылға, және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Келес ауданының жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып түсіндіріп, «Egov mobile» мобильді қосымшасы насихатталды. Аталған қосымшаны Мобильді үкіметте тіркелген ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильді үкіметте тіркелуге:
1.Электрондық үкімет порталы (ЭҮП);
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтуге болады. Бүгінгі жәрмеңкеде eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін нұсқасы Android – 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS – 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді екендігі түсіндірілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты – халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді өз үйіңізде отырып қол жеткізу туралы кеңінен түсіндіру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік дамудың және еліміздің барлық аумағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, халықты заманауи технологиялар арқылы қызмет алуға сауаттандыру. Электронды цифрлы кілтті алғысы келетіндердің барлығына қызмет көрсетілді және алдағы уақытта тұрғындар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпай-ақ қол жеткізе алады әрі уақыттарын үнемдейді. Жәрмеңкеге келушілердің басым көпшілігі салық төлемдерін жүргізудің тәртібі мен шарты, жер телімдері, жұмыспен қамту туралы сұрақтар қойды. Көпшілік тарапынан электронды цифрлы қолтаңба, сотталмағандығы туралы анықтама алу, жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқықтары, электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сауалдар көп түсті.
Жәрмеңкеге аудан тұрғындары қатысып оларға брошюралар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі ауданның барлық аумағында жалғасатын болады.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі