КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

«EGOV MOBILE» ЖАҢА МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ

«EGOV MOBILE» ЖАҢА МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ

Мобильді қосымшаны Мобильді үкіметте тіркелген ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильді үкіметте тіркелуге:
1. Электрондық үкімет порталы (ЭҮП);
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтуге болады.
eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market (талап етілетін нұсқасы Android – 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppStore-дан (талап етілетін нұсқасы iOS – 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.

Қосымшада ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялануға болады*.
Egov mobile жаңа мобильді қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:
• eGovmobile қолданыстағы ЭЦҚ-ны 4 таңбалы PIN кодқа және Сіздің құрылғыңыздың кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) бекітуге мүмкіндік береді. ЭЦҚ-ны PIN кодқа және биометрияға бір рет бекітіп, әр авторизациялану және көрсетілетін қызметті алу кезінде Сізге ЭЦҚ таңдауға және пароль енгізуге алаңдамауға мүмкіндік береді.
• Сондай-ақ, eGov mobile-да ЭЦҚ-ны мобильдік қосымшадан шығару функциясы қолжетімді.
Қосымшаның басты бетінде пайдаланушы үшін қосымшамен жұмыс істеу жөнінде қысқаша нұсқаулық берілген. Нұсқаулықтар әлеуметтік желілер бойынша пайдаланушыларға таныс тарих түрінде орындалған.
«Танымал қызметтер» бөлімінде барынша талап етілетін анықтамалар көрсетілген, қызметтердің толық тізімімен «барлық қызметтер» сілтемесі бойынша немесе «қызметтер» бөлімінде танысуға болады. Айта кететін жайт, көрсетілетін қызметті eGov mobile арқылы алу бұрыңғыдан ыңғайлырақ болды. Біз көрсетілетін қызметтерді тек қосымшаға ауыстырып қана қоймай, көрсетілетін қызметтерді толығымен басқаша ойластырып қараймыз. Көрсетілетін қызметті алу кезінде өзіңіздің деректеріңізді енгізу қажет емес, сіздің деректеріңіз eGov жеке кабинетінен автоматты түрде толтырылатын болады.
Сондай-ақ, басты бетте қосымшалар дүкені орналастырылған:
• «Цифрлық құжаттар» – eGov mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша сервис. Сондай-ақ сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
• «Электрондық еңбек биржасы» – жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы Сізге:
o резюме жасауға, жұмыс берушілерден сұхбаттасуға шақыру алуға, бос жұмыс орнына жауап беруге немесе шақырудан бас тартуға;
o берілген параметрлер бойынша бос жұмыс орындарына жазылым жасауға және электрондық поштаға хабарлама алуға;
o кәсіби бағдар бойынша тестілеуден өтіп, сізге жақын мамандықты анықтау нәтижесін алуға мүмкіндік береді.
• «Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдық ақпарат сақталатын клиникалық құжатты, сондай-ақ iOS-қа арналған «Денсаулық» бағдарламасына құжатты түсіру мүмкіндігімен медициналық ұйымға тіркелу деректерін, диспансерлік есепке алуды, стационарлық деректерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және тағы да басқаларын алуға мүмкіндік береді.
«Хабарламалар» бөлімінде Сіз қызмет мәртебесінің өзгеруі туралы барлық хабарламаларды көре аласыз.
«Профильде» отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебесі, заңды тұлғаға қатысу туралы ақпарат, авто және жылжымайтын мүлік туралы ақпарат және т. б. туралы әртүрлі мемлекеттік деректер қорынан жеке ақпараттар көрсетіледі.
Сондай-ақ, профильде қосымшаның параметрлерін өзгертуге болады.

* Бір реттік пароль – сұрау салу жібергеннен кейін пайдаланушының ұялы телефонына келетін тексеру коды бар sms-хабарлама. Бір реттік парольді пайдалану үшін пайдаланушы «M-Gov» мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.
Мобильді үкіметте тіркелу туралы толығырақ Сіз нұсқаулықтан біле аласыз.