КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

Бүгін Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан «Әуес» сауда кешенінің ішіндегі әлеуметтік дүкенде, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталған акцияға көптеген кәсіпкерлер демеушілік жасады. Жиналған азық-түлік, киім-кешектер тұрмысы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және тыл ардагерлеріне таратылып берілді. Әлеуметтік дүкеннің жүргізушісі әлеуметтік қызметкері Курмангалиева Саракулдің халық арасындағы атқарған қызметін ескере отырып арнайы марапат табысталды. Жергілікті демеушілер тарапынан өткізілген қайырымдылық акциясы негізінде ұйымдастырылған іс-шараға тұрғындар өз ризашылығын білдіріп жатты.

(с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі